Халықаралық аренада 19,7 млрд доллар сомасында мемлекет мүддесі қорғалды – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2003-2019 жылдар кезеңінде Қазақстанға қарсы талап-арыз сомасы 24 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2003-2019 жылдар кезеңінде Қазақстанға қарсы талап-арыз сомасы 24 млрд АҚШ долларын құрады. 19,7 млрд доллар сомасында мемлекет мүддесі қорғалды», - деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында.

Оның сөзіне қарағанда, 2003-2019 жылдар аралығында 26 дау аяқталды. Оның ішінде 16-сы Қазақстан пайдасына шешіліп, үшеуі елімізге қарсы, сондай-ақ жетеуі бейбіт жолмен реттелді.


Соңғы жаңалықтар