Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммиті өтіп жатыр

None
None
  ТҮРІКМЕНБАШЫ. ҚазАқпарат - Түрікменстанның Түрікменбашы қаласында Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммиті кеңейтілген құрамда жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің төрағалығымен өтіп жатқан саммитке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысуда.

Түрікменстан басшысы Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымағын, өңірдің ең өзекті мәселелерін шешуге ортақ күш біріктіре алатындығын паш ететін бұл жиынның өте маңызды екендігін баса айтты.

«Әсіресе бұл елдеріміз ортаазиялық мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған саяси-дипломатиялық сипаттағы кешенді шараларды кезең-кезеңмен жүзеге асырып жатқан сәтте барынша маңызды. Осы тұрғыдан алғанда бұл жолғы саммит барынша ауқымды бағыттардағы серіктестікті дамыту процесінің тағы бір маңызды кезеңіне айналмақ», - деді Гурбангулы Бердімұхамедов.

Фото: turkmenportal.com

Соңғы жаңалықтар