«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: Қостанайлық полицейлер есеп берді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Полиция департаментінде кеңейтілген кеңес өтті. Онда 2019 жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл басынан бергі нәтижелер жөнінде Полиция департаменті штабының бастығы Мейрам Қажкенов баяндады. Полиция подполковнигінің айтуынша, облыстық ведомствоның жұмысы 2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес жүргізілуде.

«Профилактикалық іс-шаралардың арқасында қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу 12,4% төмендеді. Мақсатты іс-әрекеттердің арқасында өңірде ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 84% дейін жақсарды. Бопсалаушылық жасаудың барлық фактілері зерттеліп, соңына дейін жеткізілді. Кісі өлтіру, қарақшылық, көлік ұрлап кету және денсаулыққа ауыр зиян келтіру сияқты қылмыстардың ашылуы 90% құрайды. Пәтер ұрлығының 80% бірыңғай реестрде тіркелген. Қоғамдық орындарда жағдай тыныш. Қоғамдық орындарда, соның ішінде көшелерде және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстар саны 20% азайды», - деді Мейрам Қажкенов. Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік апаттары 7,8% төмендеді. Дегенмен, мал ұрлығының ашылуы 24% артты. Жыл басынан бері облыс тергеушілері сотқа 4218 қылмыстық іс жіберді. Сотқа жіберілген істердің үлес салмағының көрсеткіші бойынша Қостанай облысы өзге өңірлер арасында алдыңғы орында тұр. Сонымен қатар, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нығмет Исмағұлов ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ҚР ІІМ алқа мәжілісінде айтылған тапсырмаларын орындау бойынша негізгі міндеттерді атап өтті. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру мақсатында полицияның сервистік жұмыс моделіне көшті. Бұл ретте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізге алынды, азаматтармен кері байланыс қамтамасыз етілді. Қостанайлық тәртіп сақшылары қоғамдық пікір қалыптастыру бойынша елеулі жұмыстар жүргізген. Жыл басынан бері облыстық ПД бастығы Бекет Аймағамбетов екі есептік кездесу өткізсе, «Nur Otan» партиясының филиалдарында 5 көшпелі қабылдау ұйымдастырылды. Тоғыз ай ішінде облыстың бас полицейі 100-ге жуық адамды жеке қабылдады. Осы аралықта барлығы 500-ден астам азаматтың мәселесі шешілді. Кеңес қорытындысы бойынша, департамент аппараты қызметінің, қалалық, аудандық бөлімдер мен полиция басқармаларының бастықтарына қаралған мәселелер атап айтқанда, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар