«Халық үні»: Заңгер Айман Омарова ақтөбеліктермен кездесті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «Халық үні» жобасының авторы, заңгер Айман Омарова ақтөбеліктермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында халықпен байланыс орнатып, кедергісіз қарым-қатынас жасау мақсатында жиын өтті. Еркін форматтағы басқосуға белсенділер және мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

«Мемлекеттік органдар тек өздері емес, қоғаммен жұмыс істеп жүр. Ең бастысы осы. Қор халыққа аса қажетті бағыттарды қамтиды. Олардың арасында білім, спорт, жастарды қолдау, тіл мен мәдениет саласы бар. Яғни, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру туралы ұсыныс түскенде бірден қолдауға шешім қабылданды. «Халық үні» жобасы аса қажет бастама екені рас. Көп адамға көмек беріледі деп есептейміз», - деді «Алтын қыран» қоғамдық қорының атқарушы директоры Мақсұтбек Айтмағанбет.


«Халық үні» жобасы – қарапайым адамдардың мұң-мұқтажын тыңдап, атқарушы органға жеткізетін, кедергіні бірге еңсеретін бастама.

«Көбіне әлеуметтік, құқықтық сұрақтарға басымдық беріледі. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынылып, Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Алтын қыран» және «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорлары серіктес болды. Алғашқы сапар Шығыс Қазақстан облысына бағытталды. Үлгі бар. Биыл бірнеше аудан қамтылса, келер жылы нақты жоспар жасалады. Біз бәрі бірден шешімін табады деп айта алмаймыз. Бірақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құра аламыз», - деді заңгер Айман Омарова.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар ашық болса, халықпен байланыс орнату оңай.


«Кеше ғана Қызылорда облысында болдым. Онда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті құрал-жабдық сапасыз жеткізіледі. Мұнда техникалардың құжаты қолдан жасалып, жалған сертификаттар қолданады. Бақылауды кім жүргізетінін білгім келеді», - деді алматылық тұрғын Анатолий Мигай. Заңгер Айман Омарова бұл сұрақты жүйелі шешу үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың басын біріктіріп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне арыз жазу керектігін түсіндірді. Ал мүгедек бала тәрбиелеп отырған Зинаида Сибагулин тұрғын үй мәселесін шешіп беруді сұрады.

«Шағым түсіп, біз қарадық. Ол пәтер кезегінде тұр. Үйге қолы жеткенше уақытша баспана берілді. Пәтердің бұрынғы иесінің коммуналдық қарызы болған соң біз өзге үйді ұсындық. Жаңа ауданда бәрі бар. Биыл екі мектеп салынып жатыр», - қала әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов.

Кейін жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин жиынға қатысты.

«Халық пен билік арасында диалог болмаса, кез келген саланың дамуы қиын. Екі араға көпір болған бұл жобаның маңызы зор. Бірге үлкен іс тындырамыз. Ақтөбеде екі күндік іссапармен келдім. Көп іс атқарылған. Мемлекеттік органдар ашық, қолжетімді», - деді Алик Шпекбаев.


Соңғы жаңалықтар