+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

«Халық сүйіктісі» сыйлығына үміткерлерді ұсыну басталды

2020 жылғы 19 қазан 20:02
Бөлісіңіз:
«Халық сүйіктісі» сыйлығына үміткерлерді ұсыну басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ таяуда «Халықтың сүйіктісі-2020» Ұлттық сыйлығына үміткерлерді ұсыну басталатынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар, «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының 10-шы мерекелік кезеңі басталады. Биыл оны экономикалық дағдарыс пен Covid-19 пандемиясы кезінде өткізгелі отырмыз. Біз бүгінге дейін осы сыйлықтың иегері атанған Салтанат Рахымбекова, Жекен Қалиұлы, Сансызбай Құттыбайұлы, Қыдыр ата (Жанарсы Еңсепов) секілді еліміздің патриоттарынан айырылып қалдық. Жатқан жерлері жарық болсын», - деп жазды Ғалым Байтоқ Facebook-парақшасында.

Қоғамдық қор басшысының хабарлауынша, сыйлыққа биыл өзгеріс енгізіледі.

«Биыл медицина қызметкерлері біздің өмірімізді сақтап қалу бойынша таңғажайып дүниелер жасағандықтан, денсаулық сақтау саласында бес құрметті номинацияны белгіледік.

Олар: үздік медициналық стационар, үздік дәрігерлер ұжым, үздік медбикелер ұжымы, үздік волонтер мен үздік меценат. Үздік номинацияларды бұрынғыдай, ұйымдастырушылар мен қазылар анықтайды», - дейді ол.

«Халық сүйіктісі» сыйлығының биылғы номинациялары:

1. Жылдың үздік мұғалімі;

2. Жылдың үздік дәрігері;

3. Жылдың үздік спортшысы;

4. Жылдың үздік қоғам қайраткері;

5. Жылдың үздік тележүргізушісі;

6. Жылдың үздік мәдениет қайраткері;

7. Жылдың үздік парламентарийі;

8. Жылдың үздік публицисі;

9. Жылдың үздік блогсаласының көшбасшысы;

10. Жылдың үздік интернет басылымы.

Негізгі номинациялар бойынша үміткерлерді ұсыну «Жылдың халық сүйіктісі» («Народный любимец года») ресми тобында 18 қазан - 28 қазан аралығында жүргізіледі.

«Ұсынар кезде үміткердің 2020 жылғы еңбегін елесеңіздер дейміз. Сондай-ақ оның қысқаша өмірбаянын қалдырған дұрыс. Дауыс беру кезеңінің мерзімдері жайлы қосымша хабарлаймыз», - дейді Ғалым Байтоқ.

Еске сала кетсек, «Халықтың сүйіктісі-2019» жүлдесіне ие болған жеңімпаздар былтыр қарашада марапатталған болатын.

Одан бір жыл бұрын «Жылдың үздік ақпараттық интернет-басылымы» номинациясын «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі жеңіп алған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT