Халық санағының қорытындысы желтоқсан айында жарияланады

None
None
АСТАНА. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Халық санағының қорытындысы желтоқсан айында жарияланады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов баспасөз мәслихаты барысында айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Санақ қорытындысын дайындап болып қалдық. Дегенмен біздің жоспарымыз бойынша халық санағының нәтижесі желтоқсан айында жарияланатын болады», деді ол.

Халық санағының алдын ала нәтижелерін Елбасы Н.Назарбаев ағымдағы жылы қыркүйектің 1-інде ҚР Парламентінің жалпы отырысында атап өткен болатын. Алдын ала санақ нәтижесі бойынша, 10 жыл ішінде Қазақстан халқы 14 миллион  900 мыңнан 16 миллион 300 мың адамға көбейген.

Қазіргі уақытта ҚР Статистика агенттігі негізгі көрсеткіштер бойынша ақпарттар, қысқаша қорытындылар әзірлеуде. Оны ағымдағы жылдың соңында жариялау жоспарланған. Сонымен қатар аталған мекеме 2010-2011 жылдары санақ қорытындыларын толығымен дайындау және жариялау, ал 2011 жылы осы санақтың нәтижесі бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен сараптамалық есеп дайындау мен шығару мәселесін мақсат етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар