+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Халық санағына пайдаланылатын планшеттер мектептерге беріледі - министр

2019 жылғы 19 маусым 13:19
Бөлісіңіз:
Халық санағына пайдаланылатын планшеттер мектептерге беріледі - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халық санағына пайдаланылатын планшеттер мектептерге беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық санағы келесі жылы болады. Жалпы сомасы 9 млрд теңге шығындау жоспарлануда. Егер бұған дейінгі, 10 жыл бұрынғы халық санағымен салыстырар болсақ, шығыстар сомасы біршама төмен. Негізгі сомасы ақпараттық жүйеге және құрал-жабықтар мен санақты өткізу үшін қажетті планшеттер сатып алуға жұмсалады. Қағаз сатып алынбайды. Сатып алынса да тым аз, бланктің өзі электронды болады. Құрал-жабықтар да, ақпараттық жүйе де қалады», - деді ол.

Осы ретте министр санақ жүргізуге алынатын планшеттер кімдерге берілетінін айтты.

«Планшеттер комитет (Статистика комитеті) жұмысына пайдалану үшін беріледі. Сонымен қатар олардың басым бөлігі, Білім және ғылым министрлігі жүйесіне, яғни мектептерге беріледі. Сондықтан санақ жүргізуге сатып алынатын құрал-жабдықтар одан ары да кәдеге жарайды. Толықтай алғанда санақтың басты ерекшелігі оның электронды түрде өтуі болмақ. Электронды түрде бірден өңделіп, мәліметтер тексеріледі. Содан кейін бірден санақтың алдын ала нәтижесімен таныса алатын боламыз», - деді Руслан Дәленов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT