Халық санағы: Ұлттық статистика бюросының басшысы қандай қателіктер кетіп жатқанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан бифингіде онлайн санаққа қатысушылардың кейбір деректерді қате толтырылып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық санағын өткізу барысында азаматтардың бірқатар дұрыс емес деректері анықталды. Санақтан өткендер сауалнамаларды толтырудың бастапқы кезеңінде кейбір жолдар автоматты түрде толтырылатынын байқаған шығар. Бұл мемлекеттік деректер қорынан алынған тегі, аты, әкесінің аты, жынысы және басқа да ақпарат.

Мысалы, төрт ер адам деректер базасында әйел деп көрсетілгені белгілі болды. Үш әйел ер адамдар ретінде көрсетілген. Бұл адамдарға мәртебесін өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну ұсынылды», - деді бюро басшысы.

Сондай-ақ, ол халықты онлайн санақпен кеңінен қамту мақсатында «санақ бұрыштары» ашылып жатқанын еске салды.

«Интернетке жалғанған компьютері бар бұл бұрыштарда аумақтық статистика органдарының консультанттары жұмыс істейді. Үйде онлайн санақтан өтуге мүмкіндігі жоқ кез-келген осы бұрыштарда санақтан өте алады. Олар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында, «Қазпошта» АҚ филиалдарында, білім беру мекемелері мен ойын-сауық орталықтарында ұйымдастырылды. Жалпы, ел бойынша 3100-ден астам осындай бұрыштар ашылды», - деді Нұрболат Айдапкелов.


Соңғы жаңалықтар