Халық санағы кезінде алаяқтардан қалай қорғануға болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық статистика бюросы Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков халық санағы кезінде алаяқтардан қалай қорғануға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысы санақ кезінде алматылықтарға интервьюерлердің киіміне назар аударуға кеңес берді.

«Алаяқтардан қалай қорғануға болады? Айта кетейін, интервьюерлер 1-30 қазан аралығында үйлерді аралайды. Оларда Алматы статистика департаментінің фотосуреті мен мөрі бар куәлігі, шарф, сондай-ақ ұлттық санақ символикасы бар сөмке және деректерді енгізуге арналған электрондық планшет болады. Құжаттың дұрыстығын sanaq.gov.kz сайтында тексеруге болады. Ол үшін куәліктің нөмірін «интервьюерді іздеу» арнайы іздеу жолына енгізу және ақпараттың шындыққа сәйкестігін тексеру қажет», - деді ол.

Сонымен қатар, спикер сауалнамадағы сұрақтарға тоқталды.

«Қазақстандықтардың жауаптары зерделенеді, олар бойынша респонденттердің жалпы жағдайы туралы білуге болады. Алынған мәліметтер тексеріліп, өңделеді. 2022-2023 жылдары он жинақта жарияланатын қорытынды шығару жоспарланған және ол келесі көрсеткіштерді қамтиды: ұлттық құрам, көші-қон, білім, неке және отбасы, үй шаруашылығы, жұмыспен қамту, табыс және өмір сүру қаражатының көздері, тұрғын үй сипаттамалары», - деді Айдар Әбілдабеков.


Соңғы жаңалықтар