USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Халық санағы: Еліміздегі 19 млн халықтың 48 пайызы - ерлер

2021 жылғы 8 желтоқсан 10:30
Бөлісіңіз:
Халық санағы: Еліміздегі 19 млн халықтың 48 пайызы - ерлер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының ішінде әйелдер мен ерлердің үлесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Үкімет басшысы Асқар Маминнің Президентке берген есебінде айтылады.

Қазақстанда өткен ұлттық санақтың қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам.

Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы - әйелдер.

Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген.

Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT