Халық пен полицейлер санының сәйкестігі бойынша Франциядан кейін тұрмыз – Калайчиди

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан полиция қызметкерлерінің халық санымен сәйкестігі бойынша Франция және Чехияның ортасында тұр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салада реформа басталғалы штат санын 11 пайызға қысқарттық. Шамамен 1100 лауазым жойылды. Реформаға дейін бір басшыға 3 қызметкер келсе, қазір бір басшыға 5 адам бағынады. Күзет қызметін бәсекелі ортаға беріп жатырмыз. Қатарымызда 13 мың мамандандырылған күзет қызметінің өкілдері бар. Бұл жұмыс әлі жалғасады. Егер бұрын 100 мың тұрғынға 470 полиция қызметкері келетін болса, оңтайландыру шараларынан кейін бұл сан 393-ке қысқарды. Бұл көрсеткіш бойынша қазір біз Франция мен Чехияның арасында тұрмыз», - деді министрдің орынбасары.



Соңғы жаңалықтар