Халық онлайн төлемдерді белсенді түрде пайдалануда– Ұлттық банк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық төлем жүйесін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қолма-қол ақшасыз транзакциялар халық тарапынан барынша сұранысқа ие болып отыр. Осы жылғы 6 айда олардың көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29,8 трлн теңгеге дейін 2,3 есе өсті», - Е. Досаев.

Оның айтуынша, халық онлайн төлемдерді белсенді түрде пайдалануын жалғастыруда, биылғы жылдың басынан бастап қолма-қол ақшасыз транзакциялардың 83 пайызы онлайн банкинг арқылы жасалды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық төлем жүйесін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерімен ұлттық төлем жүйесінде теңгедегі транзакцияларды өңдеу үшін алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді. Union Pay халықаралық төлем жүйесімен уағдаластыққа қол жеткізу бойынша жұмыс басталды. Шапшаң төлемдер жүйесін құру аясында сервистерді бұдан әрі тестілеуге және екінші деңгейдегі банктермен интеграциялауға арналған платформа әзірленді. Ұлттық төлем жүйесі шапшаң төлемдер құнын 2 еседен аса төмендетуге, 2025 жылға дейін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесін 57%-дан 65%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді ҰБ басшысы.


Соңғы жаңалықтар