+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Халық күн сайын 37 млрд теңгеге 4 миллионнан астам транзакция жасайды - Ұлттық банк төрағасы

2020 жылғы 24 қаңтар 10:56
Бөлісіңіз:
Халық күн сайын 37 млрд теңгеге 4 миллионнан астам транзакция жасайды - Ұлттық банк төрағасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халық күн сайын сомасы 37 млрд теңгеге 4 миллионнан астам транзакция жасайды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес салық саясаты мәселелерін қарады Қазақстанда 1 отбасының кәмелетке толмаған 15 баласы бар Асқар Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді

«Көлеңкелі экономиканың көлемін одан әрі азайту маңызды тапсырма болып қалады. Соңғы жылдардың нәтижелері қолма-қол ақшасыз төлемдердің едәуір өскенін көрсетеді. Тек 2019 жылы осындай төлемдерінің көлемі 2 еседен артық ұлғайды. Халық күн сайын сомасы 37 млрд теңгеге 4 миллионнан астам транзакция жасайды. Бірақ, мұндай өсімнен бюджет үшін нәтиже әзірге байқалмайды. Біз Үкіметпен және нарыққа қатысушылармен бірлесіп жүргізетін жұмыс қолма-қол ақшасыз (бөлшек) төлемдер нарығын дамытудың келесі және сапалы жаңа кезеңіне көшуді қамтамасыз етеді», - деді Е. Досаев.

Оның сөзіне қарағанда, нарыққа қатысушылардың перспективалық қажеттіліктерін ескере отырып, қолданыстағы жоғары технологиялық, жалпыға қолжетімді төлем инфрақұрылымын жаңғырту және қалыптастыру жөніндегі жүйелі шаралар іске асырылатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT