Халық дамуға серпінді тарихтан алуы тиіс - саясаттанушы Президент мақаласы туралы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Саясаттанушы және қоғам қайраткері Расул Жұмалы Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын  Қазақстанның идеологиялық қайта өрлеу дәуірінің бастамасы ретінде қарастыруға болады. Бұл осы мақаланың алдында ұсынылған жалпыұлттық консолидатор қызметін атқарған еліміздің рухани даму жобаларының жалғасы іспеттес», - деді ол.

Оның айтуынша, мақала халқымыздың дамуға серпінді, ең алдымен, өзінің ұлы тарихынан алуы тиіс екенін тікелей көрсетіп отыр.

«Сан ғасырлар бойы жазира даланы сақтап, қатаң жағдайда өмір сүрген, жасампаздық жолымен жүрген ата-бабаларымыздың дағдылары мен жетістіктері жалпыәлемдік ілгерілеуге елеулі үлесін қосып, қазіргі заман ұрпағы үшін де маңызды болып табылады. Бұл жаһандану дәуірінде, әсіресе барлық халықтардың жеке басын өшіру үрдісі, генетикалық кодтың жоғалуы кезінде өте маңызды. Бұл, бәлкім, Президенттің ұғыну призмасы және оның даңқты өткенді бейімдеу арқылы еліміздің болашағын болжалдау ұсынысының басты құндылығы», - деп түсіндірді сарапшы.

Оның пікірінше, мақаланың тағы бір маңызды түрткісі қазіргі заманғы дәуірде түркі ынтымақтастығын дамыту болып саналады.

«Себебі Президент сөз өткен намыс пен рух бастауы - біздің ортақ өркениетіміздің жалпы игілігі. Бұл тарихтың жаңа айналымында түркітілдес халықтар жақындығының олардың жан-жақты ынтымақтастығы мен өз мүдделерінің қорғауға серпін бере алатынын білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, мақаланы Қазақстанның барлық патриоттары бұрыннан бері күтіп жүрген бағдарламалық құжат деуге болады. Сондықтан, Мемлекет басшысы айтқан идеялардың жүйесіздік пен догматикке айналып кетпеуі маңызды. Оны қоғамның барлық тобы талқылап, соның негізінде жаңа ойлар мен шығармашылық зерттеулерге ұласуы тиіс. Бұған тарихшылар, ғалымдар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері өз үлесін қосу керек», - деп түйіндеді ол. 

Соңғы жаңалықтар