Халық бізден нақты ұсыныстар мен нәтиже күтіп отыр – ҚР Президенті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін дәл осындай жаңа форматта кездесіп отырғанымыздың өзі оң өзгерістерге бәріміздің мүдделі екенімізді көрсетеді. Халық бізден нақты ұсыныстар мен нәтиже күтіп отыр, - деп мәлім етті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында.

Ақорда баспасөз қызметінің Twitter- де жазуынша, ҚР Президенті ұлттық мүдде мемлекеттік саясаттың басты бағыты болатынын айтқан.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы міндетті ойдағыдай жүзеге асыратын бірегей құрылымға айналады деп сенемін. Біз халық сенімін ақтауымыз керек. Әрбір азаматтың мүддесі біз үшін өте маңызды. Ұлттық кеңеске мүше болып отырған өздеріңіздей азаматтар жұмылса, жұмысымыз табысты болады деп сенемін. Кез келген маңызды бастама қоғамда ашық талқыланып, халықтың қолдауына ие болуы тиіс», -деп атап өткен Мемлекет басшысы.





Соңғы жаңалықтар