Халық биліктің ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етіп отырғанын көруге тиіс - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат саласындағы күш құрылымдары мен өкілетті органдар күш-жігерін үйлестіріп, жұртшылық тарапынан түсетін сауалдарға жедел жауап беруге тиіс екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін Президент Ақордада жекелеген мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесті.

Мемлекет басшысы тұрғындардың қазасына қатысты мәселе бойынша Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне әрбір жағдайды мұқият тергеп-тексеру жөнінде тапсырма берді.

– Жұртшылықтың болған оқиғалар жөнінде долбар мен қауесетке негізделген пікір қалыптастыруына жол беруге болмайды. Азаматтар биліктің ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етіп отырғанын көруге тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Әкімшілігінің басшылығына аталған мәселені бақылауға алу тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар