«Халық Банкінің» банкоматтары ақша бермейді - банк өкілінің жауабы

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - «Халық Банкі» АҚ басшылары банкоматтарының істен шығатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне банктің ресми өкілі Лариса Коковинец айтты.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде екі  банктің бірігуіне байланысты, «Халық Банкі» АҚ қаражаттық операцияларды жүзеге асырмайтындығы туралы ақпарат тараған болатын.

Ал бүгін олардың банкоматының ақша бермейтіні жайында сыбыс тарауда.

«Ақпарат жалған. «Халық Банкі» АҚ пен «Қазком» банкомат  желілері ақаусыз істеп тұр. Қазір екі банктің бірігуіне байланысты күрделі техникалық жұмыстар жүріп жатыр. Сол себепті де тұтынушылар мен әріптестеріміз арасында қате түсінік болуы мүмкін»,- деді Лариса Коковинец.

Сондай-ақ, ол жақын арада банктер арасындағы интеграция аяқталатынын, тиісінше қызмет сапасы жоғарылайтындығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар