Халық банкі Қазкоммерцбанктің акциялар пакетін сатып алмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның Халық банкі» АҚ «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның акциялар пакетін сатып алуға ниетті. 

Бұл жайында ҚР Ұлттық банкі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банк таратқан ақпаратқа сәйкес, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және банк секторын қалыпқа келтіру мақсатында 2017 жылғы 2 наурызда ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ және оның ірі акционерлері, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ және «БТА Банк» АҚ арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

«Меморандумға сәйкес, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ «Казкоммерцбанк» АҚ-ның акциялар пакетін сатып алуға ниетті. Өз кезегінде, «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның акциялар пакетін сатып алу жөніндегі әлеуетті мәмілені іске асыру үшін ҚР Үкіметі және ҚР Ұлттық банкі «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның проблемалық активтерді сатып алуы жолымен қаржылық қолдау көрсетуге ниеттеніп отыр», - делінген хабарламада.

Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі банктердің менеджменті мен акционерлері тарабынан «Қазақстанның Халық банкі» АҚ мен «Қазкоммерцбанк» АҚ арасындағы келіссөздер процестерінің басталғаны туралы хабар алған. 

Соңғы жаңалықтар