Halyk Bank-ке Qazkom-ның қосылуы: Клиенттерде қандай күдік болды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары  Нұрлан Жағыпаров екі банктің бірігуіне қатысты Qazkom клиенттерінің іс-қимылы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, бөлімшелерде қолма қол ақшаны алу мен толықтыру шаралары Halyk Bank-ке Qazkom-ның қосылғанға дейінгі бұрынғы деңгейінде жалғасып жатыр.

«Банкоматтарда ақшаны шешіп алу бойынша өте төмен белсенділік байқалуда. Біз бастапқыда ақша айналымы елеулі түрде артады деп ойлаған едік, сондықтан барынша банкоматтарды толықтырып отырдық. Сонымен қатар, адамдардың көбісі бөлімшелерге келіп, есеп-шот жағдайы бойынша анықтама алып, қаржы қалдықтарын тексеріп жатыр. Алматыда 40-тан астам түрлі бөлімше бар, оның 10-нында тұрғындар кезекте тұр. Адамдарда алаңдаулы, сондықтан ақша қалдықтарын тексеруге тырысуда», - деді Н. Жағыпаров.

Осы орайда басқарма төрағасының орынбасары банк клиенттерін қаржының толық көлемде сақталатындығына сенімді болуға шақырды.

Оның атап өтуінше, Qazkom рейтингі жоғары сенімді банкке қосылды. Сонымен бірге, енді банкоматтардың, POS-терминалдардың саны артып, еліміз бойынша 640-тан астам бөлімшелер жұмыс істейтін болады.

«Белгілі бір мерзімде интернет-банкингте қиындықтар болды. Қазіргі кезде оның жұмысын тұрақтандырдық. Біз ең қиын кезеңнен өттік. Осы аптаның соңына қарай барлық жұмыстар қалыпты режімде іске асырылады деп ойлаймын», - деп қосты Жағыпаров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Qazkom мен Halyk Bank-тің қосылу процесі аяқталды. 

Соңғы жаңалықтар