+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Алматыда халық аты аңызға айналған «Қара майормен» қоштасуда

2019 жылғы 14 ақпан 09:10
Бөлісіңіз:
Алматыда халық аты аңызға айналған «Қара майормен» қоштасуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауған соғысының ардагері, жауынгерлер арасында «Қара майор» атанған, ҚР Қарулы Күштерінің отставкадағы полковнигі Борис Керімбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Офицерлер үйінде өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марқұммен қош айтысуға оның достары, әскерилер, әріптестері келді. Одан соң 28 Панфиловшылар паркіндегі Ауған соғысында қаза болғандарға арналған ескерткіш маңында митинг өтеді.

Аты аңызға айналған қара майордың 71 жасына қараған шағында көз жұмғаны туралы бұрын хабарлаған болатынбыз.


null Борис Төкенұлы Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1970 жылы В. И. Ленин атындағы Ташкент әскери училищесін тәмамдаған. 1980-1983 жылдары Ауған соғысына қатысып, арнайы тапсырмаларды орындайтын мұсылман батальонының командирі болды. Сауатты басшылықтың арқасында батыр командирдің сарбаздары аз шығынға ұшырап, көбінесе жеңіске жетіп отырған. Пандшер шатқалында моджахедтердің атақты қолбасшысы Ахмад Шах Масудтың әскерімен соғысқан. Оның ерлігі аңызға айналып «Қара майор» деген лақап аты күллі аймаққа жайылған. 1992 жылы денсаулығына байланысты полковник шенімен отставкаға шықты. Батыр туралы «Қара майор» фильмі түсірілген.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT