+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Halyk Arena COVID-19 госпиталі болуға қалай дайындалып жатыр

2020 жылғы 1 шілде 17:27
Бөлісіңіз:
Halyk Arena COVID-19 госпиталі болуға қалай дайындалып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Halyk Arena спорт кешені базасында коронавирустық инфекциямен ауырғандарға уақытша госпиталь ашылады. Қазір спорт сарайында дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мәселесі аптаның соңында шешіледі Сарапшы: Карантин режимін бұзғандарға 83 мың теңге айыппұл - мәжбүрлі шара Сәкен Майғазиев қазақстандықтарды сабырға шақырып, күйзеліске түспеуге кеңес берді

Мұның алдында дайындық жұмыстары туралы видео жарияланған болатын.

«Halyk Arena базасында инфекциялық стационар орындарын ашу мәжбүрліктен туған шешім. Ауруханаларда орын жетпегендіктен, осындай қадамға барып отырмыз. Осындай қиын уақытта қала қызметтеріне көмек көрсетуіміз керек. Бұл шара көптеген азаматтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп сенеміз», - деді спорт сарайының «M-Line Property Management» басқарушы компаниясынан.

Қазір спорт сарайында жұмыс істеп тұрған спорт секциялары, Halyk Arena кешенін жалға алушылар уақытша Almaty Arena кешеніне көшеді.

«Спортшыларға дайындық кезеңін үзуге болмайды. Сондықтан, спорт кешенін жалға алушылардың Almaty Arena кешеніне көшуін қарастыруды сұрадық», - деді олар.

Басқарушы компания өкілдері спорт кешенін өзгертуге барынша мұқият болғанын айтты.

«Спорт нысанын госпитальге айналдыру тек орын босату емес, қажетті микроклимат жасау, санитарлық аймақтар түзу, бөлмелердің желдетілуін, тазалығын қамтамасыз ету болып отыр. Басқарушы компания спорт нысанының қайта өз профиліне ешбір нұқсансыз ауысуына кепіл болады», - деді компаниядан.

Айта кету керек, бұған дейін қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал күрт нашарласа, HalykArena және Алматы Arena спорт кешендері базасында инфекциялық стационар ашылатынын хабарлаған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT