Халық адам құқығы қорғалатын әділетті қоғам орнағанын қалайды – саясаттанушы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Sailau Talks-2021 шарасында Tarlan.kz интернет сайтының бас редакторы, саясаттанушы Нұрғали Нұртай жаңа Мәжілістен не күтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Қазақстан қоғамын алаңдататын ең үлкен мәселе – әділет. Мемлекет басшысы саяси реформалар жалғасын табатынын және ол барлық саланы қамтитынын айтты. Менің ойымша, ендігі кезекте құқық қоғау саласын да, сот жүйесін де реформалау керек. Бұл халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру үшін керек», - дейді Tarlan.kz интернет сайтының бас редакторы, саясаттанушы Нұрғали Нұртай.

Оның айтуынша, халық жаңа Мәжілістен адам құқықтары қорғалатын әділетті қоғам орнатуды күтеді.

«Одан кейін жер проблемасы. Бұл – ресейлік депутаттардың сөзіне байланысты ушығып тұрған мәселе. Жер мәселесін шешу керектігін айтқан партияның бағдарламасы одан кейінгі Мемлекет басшысының мақаласында айтылған қазақ тілі мәселесімен үндес шықты. Кез келген мемлекеттің азаматтары бірігуі үшін олардың ортақ мүддесі болуы керек», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Sailau Talks-2021 сарапшылары өтіп жатқан сайлаудың маңызын талқылайтынын жазған болатыныз.

Іс-шараны Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.


Соңғы жаңалықтар