Халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін - Баталов

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат  - Бүгін Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік кеш қаланың орталық саябағындағы Даңқ ескерткішіне  гүл шоқтарын қоюдан басталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында облыс әкімі Амандық Баталов жетісулықтар мен әскерилер қауымын мерекемен құттықтады.

null

"Құрметті Отан қорғаушылар, облыс тұрғындары!  Сіздерді 7 Мамыр - Отан қорғаушылар күнімен, Қазақстанның Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды сақтауға тірек болған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Мемлекет басшысы, Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Қастерлі Отанымызға қызмет ету және оны қорғау - әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осынау перзенттік парызды әскери адамдар адал атқаруға тиіс! Сонда ғана біз арманымызға жетіп, Мәңгілік Ел бола аламыз», - деп атап көрсеткен болатын. Бар ғұмырын Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып жүрген әскери қызметкерлерге алғыс білдіреміз. Еліміздің тыныштығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңіз табысты болсын!" - деп облыс әкімі  тілегін білдірді.

null

Мұнан соң өңір басшысы  Талдықорған әскери гарнизонының әскери қызметкерлері Астана қаласында өткен әскери шеруге қатысқанын тілге тиек етіп, Отан қорғаушы аға буынға қарата ізгі ниетін жеткізді.

null

"Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында  соғыс ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және осы бейбіт күнге жету жолында өлшеусіз үлес қосқан азаматтардың барлығын  құттықтаймын! Сіздердің ерен ерліктеріңіз бен батырлықтарыңыз әрдайым патриотизмнің, Отанды сүюдің, елге мінсіз қызмет етудің үлгісі болып қала бермек. Баршаңызға мықты денсаулық, бейбіт өмір тілеймін! Бақытты ұрпақ ашық аспан астында береке-бірлікте өмір сүре берсін!" - деді А. Баталов.

null

Салтанатты шарада облыс басшысы әскери қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар тапсырды.

Əріптестерін құттықтаған Талдықорған әскери гарнизонының штаб бастығы, подполковник Жанат Ермұханов та әскери гарнизонның әскерилерін марапаттады. Салтанатты кеш концерттік бағдарламаға жалғасты.

null

Соңғы жаңалықтар