Халқы аз ауылдарға ауыз су беру мәселесі қалай шешіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ауылдарға су беру жұмыстарының жоспарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде барлығы 6 316 ауыл бар. Оның ішінде 3 991 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. Сумен жабдықталмаған 1 922 ауылдың мәселесін шешу үшін мынадай шаралар қабылдап жатырмыз. 793 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін салу жоспарланған. 200-ден аз адам тұратын шағын ауылдарда кешенді блок-модульдер орнатылады», - деді Бейбіт Атамқұлов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, биыл тағы 148 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау және халқы аз 220 ауылға кешенді блок-модуль орнату жоспарланған.

«Бүгінгі таңда орталық сумен жабдықтау жоспарланған 85 ауылда (БҚО, Атырау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, ШҚО, Ақмола, Ақтөбе) гидрогеологиялық жұмыстар жүргізу қажет. Кешенді блок-модуль орнату жоспарланған халқы аз 170 ауылда іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасын уақытылы орындау мақсатында қалған 453 ауыл бойынша 2023 жылға дейін жобалау-смета құжаттамасын әзірлеуді аяқтау қажет», - деді министр.

Бұған дейін Б. Атамқұлов сумен қамтамасыз ету деңгейін артыру үшін көрсеткіштері төмен өңірлерге басым негізде қаражат бөлінетінін айтты.


Соңғы жаңалықтар