Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қатысты тергеу басталды
2022 жылғы 4 шілде 19:11

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қатысты тергеу басталды

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті аймақ нарығында 70%-дан астам үлесімен үстемдікке ие. Бұл Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті жоғары білім беру (бакалавриат) қызметтері нарығында бәсекелестіктің жай-күйін талдап, бағалау жүргізу кезінде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған ЖОО-да «Стандарттау, метрология және сертификаттау», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» және басқа да бірқатар мамандықтар бойынша оқу құны Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіндегі ұқсас мамандықтарға қарағанда 35-60%-ға жоғары екені белгілі болды», - деп жазды ведомстводан.

Осыны қаперге алған өңірлік монополияға қарсы департаменті Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қатысты 2022 жылдың 10 маусымында монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, ұстап тұрғаны үшін тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT