Хәкім Абай уақыттан тәуелсіз тұлға - Бауыржан Қарағызұлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақын Бауыржан Қарағызұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай - рухани реформатор» атты мақаласына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ізгіліктің нұры дегеніміз – шынайылық. Шынайылық жүрген жерде құдірет қарапайым ғана қалпымен сізге келіп, иіліп сәлем береді. Сіз сол сәлемді қалай қабылдайсыз? Әңгіме сол жерде.

Мен үшін шынайы сөз – шырқыраған мың пафостан артық. Қазақ баладай қуанса да, данадай қамықса да ұлы Абайдың шынайы сөздеріне жолығады. Шындық пен шынайылық дауысынан өзінің жан-дүниесінің есімін естиді. Біз содықтан ұлы Абайды ұстаз тұтамыз, сондықтан қадір-қасиетімізге балаймыз. Әулие тұтамыз!», - дейді Бауыржан Қарағызұлы.

Ол мемлекет басшысы Үкіметке тапсырма беріп, 10 тамыз - Абай күні деп белгіленгені үшін қатты қуанғанын айтты.

«Шынын айтайын, айналаңды аты жаман дерт үрейімен үркіткен уақытта, ел Президеті Үкіметке тапсырма беріп 10 тамыз – «Абай күні» деп белгілетіп, мерекелер тізбесіне қосып, ұлттық идеологияның алтын ұстыны ретінде бағалап, бірнеше рет арнайы мақала жазып, мемлекеттік деңгейде ғұламаны әлемге таныту жолында нақты қадамдар жасап жатқаны қарапайым қазақ ретінде, ақын ретінде мені шын қуантады.

Абай бізді ұрыншақ ұраннан құтқарады, сабырлы ақылға жүгіндіреді. Хәкім уақыттан тәуелсіз тұлға. Уақыттың қай нүктесінде де біздің қасымызда.

Абайдың туған күні Рухымызға дем берсін, Дәтімізге қуат берсін! Сөзімізге дес берсін, Ес берсін! Абай күні құтты болсын!», - дейді ақын.


Соңғы жаңалықтар