Хабиб Нурмагомедов қазақстандық «Ник Вуйчичке» сыйлық жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық «Ник Вуйчич» атанған Әли Тұрғанбеков UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтен сыйлық алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол туралы Әли Тұрғанбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«@khabib_nurmagomedov маған осындай презент беріп жіберді. Асқартаудай ағаларым, үлкен рахмет Сіздерге!!! Менің коллекциям чемпиондардың автографтарымен толықты», - дейді Әли.

Еске салсақ, Әли тіпті әйгілі футбол жұлдызы Лионель Мессимен де кездесіп, фотосуретке түскен. Сондай-ақ, ол Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстады. Ал 2017 жылдың желтоқсан айында Әли өзінің кумирі Ник Вуйчичпен жүздескен болатын. Айта кетсек, Әли мен анасы Ақмарал ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп, отбасыларының соқпақ жолды басып өткенін айтып берген болатын. Дүниеге келген кезінде оның анасына тіпті туыстары баладан бас тартуын айтып, үгіттеген. Әли өскен кезде тіпті ешбір мектеп оны қабылдағысы келмепті. Ақыры, осы қиындықтардың бәрін басып өткен бала елордадағы «Нұр Орда» мектебіне түсіп, күні бүгінге дейін сол білім шаңырағында оқуын жалғастырып жатыр.
Соңғы жаңалықтар