Хабиб Нурмагомедов Алматыда зағип жандармен футбол ойнады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы «Қайрат» футбол клубының базасына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Тимур Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК базасына барып, көздері нашар көретін немесе мүлдем көрмейтін ойыншыларға арналған Kairat Blind Football Team командасымен футбол ойнады.

Нурмагомедовпен бірге «Қайрат» базасында UFC-дің тағы бір спортшысы Зубайра Тухугов та қонақта болды.

Кездесу барысында UFC чемпионы жігіттерді Дағыстанға шақырды.

Келесі жылы Kairat Blind Football Team ойыншылары әлемнің ең танымал спортшысының бірінің шақыруымен Дағыстанға барып, жергілікті командамен жолдастық кездесу өткізеді.

Айдын Қожахмет

Соңғы жаңалықтар