«Хабардан» сырлы сұхбат пен сазды әуенге толы жаңа жоба шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хабар» телеарнасынан жуырда әуезді әнге, әдемі әңгімеге, сырлы сұхбатқа негізделген жаңа жоба көрерменге жол тартпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бағдарлама - қоғамға қызықты тақырыптарды қамтып, көзі қырағы көрерменді сазбен сусындатып, еңбегі еленуге лайық деп танылған жандармен сырлы сұхбат жүргізеді. «Төрлетіңіз» деп аталатын ақпараттық-сазды, танымдық, ойын-сауық телетуындысын - «Хабар» телеарнасынан 7 қазаннан бастап, яғни бүгіннен бастап, сағат 16.00-де тамашалай аласыздар.
Жас ерекшелігін талғамайтын, көрермен көңіліне күндізгі күй сыйлайтын «Төрлетіңіз» ойын-сауық, ақпаратты-сазды, көңілашар жобасы жуырда көрермен назарына жол тартады. Жобаның әр шығарылымы – елімізге белгілі, ең беделді тұлғалардың өміріндегі, өнеріндегі жаңалықтармен көрерменді таныстырып, елді елең еткізетін оқиғаларды талқылап, қоғамдағы мәселелерді қаузайды.
«Төрлетіңіздің» таңдаулы мейманы - өзінің жеке өмірі жайлы, тәжірибесі, өнеріндегі күйініші мен сүйініші жайлы сыр тарқатады.
Өнеріндегі жаңалығымен бөлісіп, жаңа туындысының телекөрермендер алдында тұсауын кеседі.
Төрлетіңіздің мейманы - бүгінде үлкен талқылауларға ие болып жүрген жандардың қатарындағы айтыс ақындар, әнші, актер, сазгер, күйші, жазушы, режиссер, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен академиктер, билік мінберінің өкілдері, журналистер мен меценаттар, спортшылар, зергерлер, қолөнершілер, дизайнер, модельер, кәсіпкер, суретші, каскадер, блогер, цирк қызметкерлері, интернет арқылы танылғандар бола алады.
Бағдарлама жүргізушілері – келген қонаққа өткір сұрақтарын, күтпеген жерден төтесінен қою арқылы – сауалдарына шынайы жауап алады. «Төрлетіңізді» тізгіндеушілер - Рамазан Амантай, Мақпал Қасенова, Қуаныш Мамытқалиев, Дариға Бадықова.
Көрігі қызған көңілашар «Төрлетіңіз» жобасын – «Хабар» телеарнасынан, 7 қазаннан бастап,яғни бүгіннен бастап, сағат 16.00-де тамашалай аласыздар.
- Алматылықтар Сұлтан Сартаевты соңғы сапарға шығарып салды
- Берешегі бар азаматтардың елден шығуына шектеу алына ма - ҰБ жауабы
- Шымкентте жыр мүшәйрасы өтіп жатыр
- Шымкенттегі орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті
-
Қазақстандықтар Димаштың концертін телеарнадан қашан көре алады
-
Алматы әкімдігі қисайған үйдің тұрғындарын көшіруге дайын
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам