«Хабар» телеарнасында халықаралық музыкалық байқау басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қыркүйектен бастап «Хабар» телеарнасында «Топжарған» музыкалық байқауы эфирге шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шоу бұған дейін АҚШ («The Four: Battle for Stardom»), Ресей («Успех») және өзге мемлекеттерде көрермен тарапынан жақсы қабылданды.  Жобаны израильдік Armoza Formats компаниясы жасаған.  

«Топжарған» - бұл жұлдыз болуға лайықты төрт қатысушы бірден анықталатын жалғыз музыкалық шоу,  яғни, байқаудың  финалистері алғашқы кезеңде белгілі болады. Алайда бұдан жобаның қызығы азаймайды, керісінше финалистер әр шығарылым сайын жаңадан келгендердің алдында өзінің жобаға лайық екенін дәлелдеуі керек. 

Ереже бойынша шоуға келген жаңа қатысушылар финалистерді жекпе-жекке шақырып, музыка алаңында күресуге құқы бар. Ал  жаңа қатысушылардың арасынан кімнің талабы жоғары екенін қазылар шешеді. Музыкалық сайыстан соң залдағы көрермендер дауыс беріп, әншілердің тағдыры шешіледі.

«Қазақстанда өзге музыкалық жобаларға ұқсамайтын жаңа шоудың пайда болғанын қуанышпен хабарлаймыз. Біздің аудиториямыз қашанда жаңа таланттардың бағын ашатын бағдарламаларды қызығушылықпен тамашалайды, сондықтан бұл жобаны да лайықты бағалайды және осы байқау арқылы жаңа жұлдыздар жанады деген  үміттеміз», - дейді «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Алан Әжібаев.

Жобаның қазылар алқасының құрамында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, композитор әрі продюсер Ринат Гайсин, жас рэппер Baller бар. Шоуды әнші Кәмшат Жолдыбаева жүргізеді. 

Соңғы жаңалықтар