«Хабар» телеарнасы мереке күндері не ұсынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің мерейлі мерекесіне «Хабар» арнасы ерекше дайындықпен келді. Көрермендер мейрам күндері қызықты бағдарламалар, көркем және деректі фильмдер мен концерттік шараларды тамашалайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлы даланың ең басты мерекесіне орай ұлттық кинотуындылардың легі ұсынылады.

15 желтоқсан күні сағат 15:00-де «Елбасы жолы. Тығырықтан жол тапқан» картинасы көрсетіледі. Бұл - «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі. Туындыда басты кейіпкердің Қарағанды металлургия комбинаты партия ұйымының басшысы ретінде қалыптасу кезеңі суреттеледі. Сондай-ақ сол күні сағат 16:40-та «Қазақ хандығы» көркемфильмі жоспарланған. Картина режиссері Рүстем Әбдірашов. Кино Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы желісімен түсіріліп, қазақ хандығының құрылу кезін суреттейді.null

17 желтоқсан сағат 17:45-те көрермендер «Көшпенділер» тарихи фильмін тамашалай алады. Бұл кинотуынды да І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романының желісі бойынша түсірілген. Драмада қазақ халқының тарихы, махаббат пен достық, XVIIІ ғасырдағы оқиғалар суреттеледі. 18 желтоқсан 16:45-те, мерекелік кинолар легін Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» картинасы жабады. Фильмнің басты идеясы - рухы өр, тәні бекем, қайсар ата-бабамыздың бізге аманаттаған тәуелсіздіктің құнын білу, оны сақтап қалу. Қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолындағы тауқыметті тағдырын ұмыттырмау, жас ұрпақтың есіне сала отырып, мәні мен маңызын түсіндіру. Кинода ХІХ ғасырдың ортасы, яғни қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымовтың бостандық жолындағы күресі, ХХ ғасыр ортасы мен 60-жылдардың соңы, сол Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтеріліске қатысты зерттеулері үшін 25 жылға бас бостандығынан айылырған алаш арысы Ермұхан Бекмахановтың тағдыры сөз болады.null

  Атап өтілгендей, арнаның ойын-сауық бағдарламалары да дайын. Көрермендер демалыс күндерін Мейрамбек Бесбаевтың «Елге сәлем» концертімен бастайды (15 желтоқсан, 22:30). Ал 16 желтоқсан күні (12:15) қазақ музыка өнерінде өшпес із қалдырған сазгер Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Жүрегім менің» концерті эфирге шығады. Сонымен қатар еліміздің танымал әншілері ең үздік патриоттық әуендерін Сіздерге тарту етеді! 16 желтоқсан күні сағат 17:20-да «Мәңгілік ел. Тәуелсіздікке тарту» концерті,  ал 19:10-да пианист, Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованың «Самғау» атты шығармашылық кеші жоспарланған. Қазақ әндері сахна төрінде симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен жаңаша реңкте орындалады. Кеш қонақтарының қатарында еліміздің классикалық және эстрада әншілері Рүстем Нұржігітов, Шаба Әденқұл, Ғалымжан Молданазар, Сырымтай Еңсепов, Жұбаныш Жексенұлы және т.б. бар.       

Белгілі композитор, әнші Жеңіс Сейдоллаұлының «Саған әнім» шығармашылық кешін 16 желтоқсан сағат 22:50-де тамашалайсыздар.  Кеш жүргізушісі - Тұрсынбек Қабатов. Одан бөлек Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Мәдина Сәдуақасова, Төреғали Төреәлі, Айқын Төлепберген, Мөлдір Әуелбекова сынды қазақ эстарадасының жұлдыздары әсем туындыларын орындайды.

Сондай-ақ таяуда ғана өзінің алғашқы шығармашылық кешін Мөлдір Әуелбекова берген болатын. 15 жылдан бері қазақ эстрадасының сахнасын бағындырып, еңбегімен талай асудан асқан әншінің «Туған ел» атты концертін  17 желтоқсан күні сағат 21:30-да «Хабар» телеарнасынан тамашалаңыздар. Думанды кеште Мейрамбек Бесбаев, Төреғали Төрәлі, Ұшқын Жамалбек, Райым Уайыс, «Назар» тобы сынды отандық эстрада жұлдыздары жанды дауыста өнер көрсетеді.

Сонымен қатар еліміздің өткені мен қазіргі кезеңдегі жетістіктері мен табыстары туралы деректі фильмдер көрсетіледі.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар