+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

«Хабар» арнасы тележүргізушілерге кастинг жариялады

2019 жылғы 17 қыркүйек 13:29
Бөлісіңіз:
«Хабар» арнасы тележүргізушілерге кастинг жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хабар» арнасы Instagram желісінде жаңа тележүргізушілерге кастинг жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кастингке кәмелеттік жасқа толған, Instagram желісінде аккаунты бар кез келген азамат қатыса алады.

«24 жылдық тарихымызға көз жүгіртер болсақ, еліміздің танымал жүргізушілері, медиаменеджерлер, басшылықтағы азаматтар бір кездері «Хабардың» эфирі арқылы елге танылып, үлкен қызметтерді атқарып жүр. Сол дәстүрді, мектепті жалғастырып, кәсіби жүргізушілер институтын жаңа бір деңгейге көтергіміз келеді. Заманның сағат сайын, минут сайын өзгеріп отырғанын ескерсек, креативті жұмыс істей алатын жүргізушілердің уақыты келді. Басты талап - ақылы мен көркі сай қыз-жігіттер қажет. Олардың дауысы мен келбеті ғана емес, зияткерлік білімі болуы қажет. Сарапшылар осы мәселеге көбірек көңіл бөледі. Байқау нәтижесінде бір қазақтілді және бір орыстілді тележүргізуші іріктеліп алынады», - деді «Хабар» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Кастинг 2019 жылғы 17 қыркүйектен 23 қазанға дейін үш кезеңмен өткізіледі.

Алғашқы кезеңде Instagram-дағы жеке аккаунтында ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнежазбаны жариялап, «Хабар» агенттігінде не себепті жүргізуші болғысы келетінін айтуы тиіс. Видеоның сипаттамасында қатысушының аты-жөні, толық жасы мен #Хабардақызмететкімкеледі және #Хочуработатьнахабаре хэштегтері көрсетілуі керек. Бірінші кезең - 2019 жылдың 16 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді.

Сарапшылар іріктеуінен келесі кезеңге өткен қатысушы ұзақтығы 1 минуттан аспайтын өз қаласындағы оқиғалар желісін баяндауы тиіс. Оқиғаны және түсірілім стилін таңдау - қатысушының өз еркінде. Бұл жазбаны да қатысушы Instagram парақшасында #Хочуработатьнабаре2 және #Хабардақызмететкімкеледі2 хэштегтерімен көрсетуі тиіс. Екінші кезең - 2019 жылдың 7-14 қазаны аралығында өтеді.

Кастингтің соңғы үшінші кезеңінде - 2019 жылдың 14 - 23 қазанында қатысушы агенттікке келіп, сынақ түріндегі түсірілімге қатысады.

Конкурс жеңімпаздарын арнайы сарапшылар тобы анықтап, 2019 жылдың 23 қазанында жариялайды.

Айта кетейік, жақында «Хабар» агенттігінің жаңа телемаусымы басталды. Агенттік құрамындағы республикалық «Хабар», «Хабар 24», «Kazakh TV» және «EL ARNA» телеарналары жаңа бағдарламаларын таныстырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT