«Хабар» арнасы «Аластатылғандар» телесериалын көрсету құқығына ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хабар» телеарнасы «Аластатылғандар» («Les Misérables») британдық телесериалын көрсету құқын сатып алды.

«Аластатылғандар» сериалының «Хабар» арнасындағы тұсаукесері британиялық телеарнамен қатар болады. Картина әр дүйсенбі сайын сағат 21.30-да көрсетіледі.

Алты бөлімді драма - Виктор Гюгоныңтанымал романының желісі бойынша түсірілген және «BBC One» телеарнасында көрсетіледі.
null 

Телесериалда XIX ғасырдың басындағы оқиғалар суреттеледі. Жан Вальжан - нан ұрлап сотталған қашқын. Ол ұзақ жылдардан бері полиция инспекторы Жаверден тығылып жүреді.  Жавер болса заңның әділдігіне сенеді, сондықтан қашқынды тұтқындау өмірінің басты ісі деп есептейді. Сонымен қатар Жан Вальжан  үшін маңызды адамдардың бірі - Фантина есімді әйелдің қайғылы тағдыры да баяндалады. Оның некесіз туған Козетта есімді қызы бар. Фантина көз жұмған соң Жан Вальжан Козеттаны өз баласындай тәрбиелейді. Оқиға 1832 жылы Париж қаласында өткен Маусымдағы көтеріліспен дами түседі.    
null     

Картина режиссері - Том Шенклэнд. Сценарийін Л.Н.Толстойдың романы желісімен түсірілген «Соғыс және бейбітшілік» сериалының сценарийін жазған Эндрю Дэвис жазды.  

Жан Вальжанның рөлін Доминик Уэст, инспектор Жавердің рөлін  Дэвид Ойелоуо, Фантинаны Лили Коллинз сомдайды.

Доминик Уэст - екі рет «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылған, ол көрерменге «300 спартаншы», «Ганнибал: Өрлеу»,  сондай-ақ «Тың тыңдау» сериалдары арқылы таныс.
null 

Дэвид Ойелоуо - Британия империясы орденінің офицері. «Сельма» фильміндегі Мартин Лютердің рөлі үшін «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылған. «Маймылдар планетасының көтерілісі», «Қызметші әйел», «Біріккен корольдік» және басқа картиналарда ойнады.

Лили Коллинз - «Ережесіз» фильміндегі рөлі үшін «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылған. «Окча», «Ақшақан қыз: Гномдардың кегі», «Махаббатпен, Рози» және басқа фильмдер арқылы таныс.  

Сондай-ақ сериалда Адиль Ахтар (Тенардье мырза), Оливия Колман (Тенардье ханым), Элли Бамбер (Козетта), Джош О'Коннор (Мариус) және Эрин Келлиман (Эпонина) ойнайды.
null 

«Аластатылғандар» романының негізінде бірнеше рет кинолар түсіріліп, спектальдер қойылды. 2012 жылы түсірілген фильмнен айырмашылығы сериалда әуендер болмайды.  

 

Соңғы жаңалықтар