«Хабар» агенттігінің қызметкерлеріне пәтер берілді

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында «Хабар» агенттігінің қызметкерлері қоныс тойын тойлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пәтерге ие болғандарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары - Дәурен Абаев пен Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі - Аида Балаева құттықтады.

«Менің ойымша қалған телеарналар «Хабар» белгілеген деңгейге жетуге ұмтылады. Бүгінгі іс-шара - «Хабар» тек ақпарат беріп қана қоймай, өз кадрларына қамқорлық жасайтынының жарқын дәлелі», - деді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, Агенттік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында пәтерге ие болуы - өте құптарлық.

«Мен бүгін сіздермен осы қуанышты оқиғамен бөліскеніме өте қуаныштымын. Шынында да, кез-келген адам дені сау болуды, балалар өз ошағы мен үйі бар отбасында өскенін армандайды. Агенттік басшылығының осындай ерекше мүмкіндік бергеніне өте қуаныштымын. Мен әр отбасының өркендеп, бақытты болуын тілеймін, «Хабар» тұрғын үй кешенінде әрдайым керемет іс-шаралар болып тұрсын. Сіздерге шығармашылық табыс пен бақыт тілеймін», - деді Аида Балаева .

Жаңа «Хабар» тұрғын үй кешені елорданың перспективалы ауданында орналасқан. Бұл - жер асты паркингі бар 10 қабатты заманауи ғимарат. Агенттіктің үздік қызметкерлері пәтерді жалдау құқығы аясында, кейіннен сатып алу мүмкіндігін қарастыратын жүйе арқылы алды. Тағы 200 қызметкер өте қолайлы шарттар бойынша жайлылық-санатындағы тұрғын үйден пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

«Хабар» Агенттігінің Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин бұл жобаның жүзеге асырылғандығына өте қуанышты екенін атап өтті.

«Бұл өте қуанышты оқиға. Менің ойымша, біздің бүгінгі іс-шарамыздың «Бақыт мекені» деген ұранына назар аударған боларсыздар. Шын мәнінде, адам үшін баспана - жай қабырға ғана емес, бұл өмір аумағы, жайлы атмосфера, бұл балалар өсетін орын. Біз бұл жобаны жүзеге асыра алғанымызға қуаныштымыз. Әрине, мен үйді қысқа мерзімде салған құрылысшыларға алғыс айтқым келеді», - деді Ерлан Бекхожин .

Қазақтың дәстүрі бойынша бүгінгі мерекеге жиналғандарға «шашу» шашылып, содан кейін қонақтар пәтерді қарап шықты. Кәсіби мереке қарсаңында Агенттік қызметкерлеріне ұлттық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

«Хабар» телеарнасының «Жаңалықтар» қызметінің шығарушы редакторы Достық Бекбаев Агенттікте 9 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгін ол да өз баспанасына ие болып отыр. Бұрын ол қала сыртында тұрса, енді өз отбасымен жаңа пәтерге көшеді.

«Төрт балам бар. Менің жұмысыма берілгендігімді ескеріп, басшылық пәтер кілтін табыстады. Өте қуаныштымын. Мен мұндай мүмкіндік үшін басшылыққа ризамын. Пәтер өте кең және жайлы. Біз дереу көшеміз, тіпті жөндеу жұмыстары да керек емес. Өйткені іші таза және әдемі болды. Пәтер жақсы - 80 шаршы метр. Терезеден елорданың керемет көрінісі ашылады», - деп қуанышымен бөлісті Достық Бекбаев.

Айта кету керек, Агенттік баспанаға мұқтаж қызметкерлеріне 2008 жылдан бастап кеңсе ғимаратында бөлмелер беріп келді. 2017 жылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында «Хабар» Агенттігі қызметкерлеріне жаңа ғимарат берілді.



Соңғы жаңалықтар