«Хабар» агенттігі Junior Eurovision жүлдегері Ержан Максимге сыйлық жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар бесінші күн қатарынан Ержан Максимнің Балалар Еуровидениесінің ақтық мәресінде көрсеткен өнерін тамсана айтуда.

«Хабар» Агенттігінің атынан тағы бір мәрте біздің Ержанды беделді - Балалар Еуровидениесі байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетуімен құттықтаймын. Еуропа елдерінің ортасында Казақстан елі паш етілгенде біздің кеудемізді қуаныш кернеді. Барлықтарыңыз, дауыс беру аясында, миллиондаған аудитория алдында біздің мемлекеттің атауы сан рет аталғанының куәсі болдыңыздар. Сондықтан да, Ержанды бұл байқаудың нағыз жеңімпазы деп санаймыз», - дейді «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин.

Еске сала кетейік, «Хабар» агенттігі - іс-шараны ұйымдастыратын Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдасқан мүшесі. Бұл мүшелік Junior Eurovision байқауына қатысу үшін елден үміткер ұсынуға мүмкіндік берді.

«Бұл жетістікке жету үшін біз көп жұмыс атқардық. Байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болу үшін келіссөздер шараға дейін, алдын ала ұзақ уақыт бойы жүргізілді, түбінде оң нәтижеге жететінімізге бек сенген, бір-бірінің пікірімен үнемі ақылдасып, санасып отыратын арнайы ұйымдастырушылар тобы өз жұмысын тиісті деңгейде орындады», -деп атап өтті агенттік басшысы.

Бір жыл бойы агенттік атсалысады-ау деген әлеуетті демеушілер мен танымал тұлғалармен сансыз кездесулер мен келіссөз жүргізумен болды.

«Өкінішке қарай, екі компаниядан басқа ешқайсысынан айтарлықтай қолдау көрмедік», - деп атап өтті Бекхожин.

«Бүгінде Ержанның әлемді дүр сілкіндірген өнерінен кейін, қойылымнан кейін, жанашыр және қолдап жатқан, тіпті кей жерлерде екінші орын алғаны үшін сын айтып жатқан адамдардың сыртынан бақылау қызық әсерге қалдыруда. Сол адамдардың қолдауын байқауға ДЕЙІН сезсек, көрсек, біз шын жүректен қуанатын едік дегім келеді», - дейді Ерлан Бекхожин.

«Хабар» агенттігінің басшысы Польшаның Гливице қаласында өткен байқауда қара үзген триумфаторға сыйлығын тапсырды.

«Ержан Польшаға жол жүрер алдында «Хабардағы» кездесулердің бірінде мен «Еуровидениедегі жеңісі үшін оның армандаған сыйлығын алып береміз» деген болатынмын. Өздеріңіз көріп тұрғандай, біз өз уәдемізде тұрдық»,-деп сөзін аяқтады ол.

Соңғы жаңалықтар