Х жазғы Универсиадасы: Ақтөбеде «AQTÓBE RUN - 2019» ашық марафоны өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Жастар жылы мен шаһардың 150 жылдық мерейтойына арналған жеңіл атлетикадан «AQTÓBE RUN - 2019» ашық республикалық марафоны өтті. Марафонның ерекшілігі оған басқа аймақ тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысуға мүмкіндік алды.

Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, спорттық жарыстың қатысушыларын құттықтады. Сондай-ақ, тұрғындарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақырды.

500-дей марафоншы қаланың орталық көшелерін 5 және 10 шақырым қашықтық бойынша жүгіріп өтті.

Дүбірлі дода барысында әртүрлі жас дәрежесіндегі спортшылар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Олар дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Айта кетейік, аталмыш марафон биылғы жылдан бастап ҚР Х жазғы Универсиадасының бағдарламасына енгізіліп, Ақтөбе қаласында алғаш рет өткізіліп отыр. Ал жыл сайынғы дәстүрлі марафон 8 маусым күні өткізіледі деп жоспарланып отыр.

null null null

Соңғы жаңалықтар