Ғылыми жобаларды коммерцияландыруға іріктеу үшін қандай өзгеріс керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Коммерцияландыруға  ғылыми жобаларды іріктеу үшін бизнестің қатысуымен жаңа құрылым керек. Бұл туралы бүгін Астанада технологияны коммерцияландыру тақырыбына арналған халықаралық форумда Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коммерцияландыру мен ары қарай өндірісті игеру үшін жобаларды іріктеу тиімділігіне ерекше назар аудару керек», - деп тоқталды сенатор.

Оның сөзінше, бүгінде іріктеудің соңғы кезеңіне ұлттық ғылыми кеңестер (ҰҒК) жұмылдырылған. Қазіргі кезде ҰҒК шешімі міндетті орындалатын бірден бір қоғамдық орган болып отыр.

«Яғни, егер де ҰҒК шешім шығарса, оны мүлтіксіз орындалуы керек. Бұл ретте айта кетерлігі, қоғамдық ұйымның шешімі міндетті түрде  орындалатын жағдайды әлемде ешбір жерде таба алмайсыздар. Ғылымда нәтиже болуын талап етсек, онда ғалымдарға еркіндік беруіміз қажет. Алайда осы жағдайда  ҰҒК-ның іріктеуі дұрыс емес деп санаймын.  Соңғы сөзді ұлттық ғылыми кеңестер емес, бизнес айтуы тиіс. Менің ойымша, бұл үшін бизнес өкілдерінің белсенді қатысуымен жаңа құрылым керек. Ол өз кезегінде Ғылым қоры жанында құрылуы шарт. Ал ҰҒК ғылыми салада өзінің жұмысын жалғастыра берсін, яғни гранттық әрі бағдарламалық мақсатты қаржыландыру бағытында жұмыс істей берсе де болады», - деп тоқталды сенатор.

Б. Жұмағұловтың пайымынша, Ғылым қоры бизнес өкілдерінің кеңінен қатысуымен дербес түрде алға жылжуы тиіс.

Бұдан бұрын хабарланғандай, форум барысында сенатор бизнес пен ғылым қатысты қандай күдігі болғанын айтқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар