Ғылыми жобаларды коммерцияландыру: Қазақстандық ғалымдар 320 млн теңге табыс тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық ғалымдар соңғы 2 жылда ҚР БҒМ қолдауымен ғылыми жобаларды коммерцияландырудың нәтижесінде 320 миллион теңгеден астам табыс тапты, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы екі жылда қазақстандық ғалымдардың 100-ге жуық ғылыми жобасы Ғылым қорының қолдауымен коммерцияландырылды. 70-тен астам ғалым бизнестегі үлестері мен роялтиден (лицензиялық сыйақы түрі) кіріс алады. Бүгінгі таңда ғалымдар өздерінің ғылыми әзірлемелерін пайдаланғаны үшін 320 миллион теңгеден астам пайда тапты.

«ҚР БҒМ Ғылым Қоры жүзеге асыратын ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағдарламасының нәтижесінде ғылыми ұйымдар мен ғалымдар өздерінің ғылыми жобаларын іске асыруға, сонымен бірге жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік алды. Осылайша, ғылыми орталықтардың қаржылық тәуелсіздігі артты. Көптеген ғалымдар еңбек жолын белгілі бір мәселелерге арнап, оны жақсы түсініп, өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін тұрақты бизнеске жеткізуге тырысады. Біз ғалымдарға олардың әзірлемлерін коммерцияландыруға көмектестік және қазір олар өз жобаларын жүзеге асырудан тұрақты пайда табуда. Бүгінгі таңда 79 ғылыми-зерттеу институты мен жоғары оқу орындары жаңа өндірістердің тең құрылтайшылары болып табылады», — деп атап өтті ҚР БҒМ Ғылым Қоры Басқармасының Төрағасы Арын Орсариев.


Соңғы жаңалықтар