+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Ғылыми жобалар байқауында Түркістан облысының оқушылары үздік үштікке енді

2020 жылғы 19 ақпан 14:13
Бөлісіңіз:
Ғылыми жобалар байқауында Түркістан облысының оқушылары үздік үштікке енді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы оқушыларының еңбегі ғылыми жобалар сайысының қорытындысы бойынша Түркістан Алматы мен Павлодар облыстарымен бірге білім саласы бойынша үздік үштікке енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім додасында Түркістан облысының 46 оқушысы бақ сынап, 22-сі жүлделі орындарға ие болды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен. Мыңға жуық оқушы қатысқан республикалық сайыстың іріктеу кезеңінен 625 жоба өтті. Ең үздік деп танылған ғылыми жұмыстар ақтық сынға жолдама алды.

Жас дарын иелерінің білімі таразыға салынған сайыста Түркістан облысының оқушылары 3 алтын, 7 күміс, 12 қола медаль жеңіп алды. Ғылыми жобаның қорытындысы бойынша Жетісай ауданындағы «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушылары Болат Маханбетов пен Даниял Тұрсымұрат және Сарыағаш ауданы №4 мамандандырылған мектеп-интернатының 10-шы сынып оқушысы Бағила Анарбек Алтын медаль иегерлері атанды.


Олар қоқыс өңдеу өнеркәсібін дамыту жолдары бойынша ғылыми еңбектерімен озық шықты. Және сал-серілер поэзиясындағы қыз бен жігіт сипатын берудегі көркемдік тәсілдердің қолданылу ерекшелігі тақырыптарында жұмыстарын қорғап шықты.

Ал, күміс медальді Кентау қаласындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының шәкірттері еншіледі. Сондай-ақ осы білім ұясы мен Кентау қаласы, «Шорнақ» жалпы орта мектебінің және Қазығұрт ауданы, №5 Ж.Каппаров атындағы мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты және Түркістан қаласы, Н.Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернатының шәкірттері қола жүлде иемденді.


Мектеп оқушыларына арналған сайыс осымен 21-рет ұйымдастырылып отыр. «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған жас ғалымдар бәсекесі биыл ерекше форматта, ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында онлайн-режімде өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT