Ғылыми және техникалық қызметтегілердің жалақысы орташа республикалық деңгейден 2 есеге артық

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 118 884 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен хабарланды.

«Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы қазанға 112,2 пайызды, ал нақты жалақы индексі 104,3 пайызды құрады. Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 240,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есеге асты), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 237,7 мың теңге (2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 203,8 мың теңге (1,7 есеге асты) белгіленді», - делінген комитет мәліметінде.

Ең төменгі жалақы білім беру қызметкерлерінде белгіленді - 74,4 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 37,4 пайызға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді - 229,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 80,9 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,0 пайызға төмен.

Соңғы жаңалықтар