Ғылыми зертханалардың қызметін үйлестіру үшін «Е-lab» платформасы құрылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғылыми зертханалардың қызметін үйлестіру үшін «Е-lab» бірыңғай платформасын құру қажет. Мұндай ұсыныс «Ашық» НҚА порталында жарияланған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының жобасына жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан ғылымы» бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде ұжымдық пайдалану зертханаларының қызметін үйлестіру үшін «Е-lab» бірыңғай платформасын қалыптастыру қажет. Бұл ғылыми ұйымдар әзірлемелерінің технологиялық дайындық деңгейін анықтау, бағалау мен мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттырады», - деп көрсетілген консультативтік құжатта.

Еске сала кетйік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым қорының» қызметін трансформациялауды ұсынғанын жазып едік.


Соңғы жаңалықтар