Ғылымға салынған инвестиция көлемі өсуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылдың алғашқы төрт айында ғылымға салынған инвестицияның көбі кәсіпорындар бюджетінен алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайттың мәліметі бойынша, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке салынатын инвестиция көлемі қаңтар-сәуір аралығында 15,9 млрд теңге болған. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 62,6% көп.

«Салаға салынған қаржының тең жартысынан астам негізінен үш өңірге тиесілі. Бұл көрсеткіш бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бірінші орында, Алматы екінші орында тұр. Елордада ғылымға салынған инвестиция бір жылдың ішінде 2 есе өссе (3,3 млрд теңге), Алматыда былтырғы күйінде қалған (2,8 млрд теңге).

Алғашқы үштікте Қызылорда облысы түйіндеп тұр. Бір жылда бұл өңірде ғылымға бөлінген қаржы 3 есе артып, 2,6 млрд теңге болған», - деп жазады Finprom.kz. Ал Қостанайда ғылымға арналған бюджет бір жылда 8 есе өсіп, 2,6 млрд теңгеге жеткен.

«Осынша қаржының негізгі көзі – кәсіпорындардың өзі. Олардың қаңтар-сәуір аралығында ғылымға салған инвестициясы 14,6 млрд теңге болды. Одан кейін банктермен басқа да қаржы институттарынан алған несие, борыштар тұр – сәйкесінше 1,257 млрд және 157,1 млн теңге. Жергілікті бюджеттерден 4 айда ғылымға 56,6 млн теңге ғана бөлінд», - деп жазылған материалда.

Бұған дейін Әділет Жүнісұлы Тойбаев Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар