Ғылымға қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобасын талқылау аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғылым туралы нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылау аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ғылым комитетінің сайтына сілтеме жасап.

14 ақпанда Ғылым комитеті ҚР Білім және ғылым министрлігі мен комитеттің сайтында бірқатар нормативтік құжаттар жобасы жарияланған болатын.

«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 (23 ұсыныс түсті), «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 (5 ұсыныс түсті), «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 (17 ұсыныс түсті), «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 (21 ұсыныс түсті) қаулы жобаларына толықтырулар мен өзгертулер енгізуді талқылау 6 наурызында аяқталды», - делінген хабарламада.

Барлық ұсыныстар Ғылым комитетінің ғылым жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша Жұмыс комиссиясында қаралады.

Комитет ұсыныстарды ескере отырып, қайта қаралған жобаларды таяу арада legalacts.egov.kz сайтында жариялайды.

Еске сала кетсек, былтыр тамыз айында Ғылым комитеті ғылым туралы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерді талқылауға барлық мүдделі түлғаларды шақырған болатын.

Соңғы жаңалықтар