Ғылымға қатысты нормативтік-құқықтық актілер өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғылым комитеті ғылым туралы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерді талқылауға барлық мүдделі түлғаларды шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитеттің мәліметінше, жұмыс тобы Ғылым туралы НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар әзірлеп бітірген. Оның құрамына ҚР ҰҒА, ҚР АШМ, ҚР ҚАӨМ, ҚР ҚМ және ғылыми ұйымдар өкілдерінен 14 адам кірді.

Жұмыс тобы келесідей ғылым саласындағы НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар әзірледі. Олар: «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысы; «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысы; «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 891 қаулысы.

Айта кетерлігі, ҰҒК туралы ереже биыл 5 шілде мен 19 шілде аралығында legalacts.egov.kz ашық порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Сонымен қатар, жоба 20 шілдеде ҚР ҰҚП «Атамекен», ҚР БҒМ Қоғамдық кеңесі және ҚР ЖОО қауымдастығына қару үшін жолданған болатын.

Жоғарыда көрсетілген өзгертулермен барлық мүдделі тұлғалар  бойынша танысып, ұсыныстарды [email protected], Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік мониторингтеу басқармасының басшысы Раушан Мұқышеваға жолдауы керек. Берілген ұсыныстар соңғы жобаны әзірлегенде пайдаланылады.

Қазіргі уақытта барлық мүдделі мекемелерден түзетулерді талқылау және ұсыныстарды жинақтау жүріп жатыр. Қорытынды жоба да соңғы талқылау үшін жұртшылық назарына ұсынылады және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар