Ғылымды ұрпағына аманаттаған - Қ. Сәтбаевтың туғанына 115 жыл

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 115 жыл.

Осыған орай әрі ғылыми қызметкерлер күніне орай «Ғылым ордасы» РМК ғимаратында салтанатты отырыс өтті.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаевтың қатысуымен өткен шара барысында бірқатар ғалымдар Қ.Сәтбаевтың ғылыми мұрасы мен қазақ ғылымына қосқан үлесі жайлы баяндама оқыды. Бүгін ғылыми қызметкерлер күніне орай құрметке бөленген ғалымдар қатарында «асылдың сынығы», оның немересі Жармағанбетова Әлима Қайнекейқызы да болды.

«Менің атам Қаныш Сәтбаев сынды ғалымдар ілкіде бір кездеседі. Ондай тұлға дарыған қазақ халқы қандай бақытты. Ол кісінің ғылымға, білімге деген құштарлығы бізге де сіңген болуы керек. Өйткені, оның үш қызы да ғылым докторы болған. Үш қызынан тараған ұрпақ та ғылым айналасында жүр. Бұл бізге берілген аманат сияқты. Мен бүгінгі шара барысында еңбегім бағаланғанына өте қуаныштымын», - деді «Д.В.Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты» АҚ зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Әлима Қайнекейқызы.

Қаныш Сәтбаев қазағының жүрегінде бір сөзімен мәңгілік жатталды.

Тарихи деректерге сүйенсек, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев британ премьері Уинстон Черчильмен кездесуі барысында британ саясаткері оның бойының сұңғақтығына таң қалып, «қазақтардың бәрі осындай ұзын ба?» деп сұраған көрінеді. Сонда Қаныш Имантайұлы «Жоқ, халқым менен де биік» деп ұтымды жауап берген екен.

Соңғы жаңалықтар