Ғылым және жоғары білім министрлігін дамыту жоспары жедел қабылдануы тиіс - Алтай Көлгінов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғылым және жоғары білім министрлігін дамыту жоспарын қаңтар айының соңына дейін қабылдау қажет. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің негізгі мақсатымыз – ғылым мен жоғары білімнің дамуын экономикалық өсімге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағыттау. Бүгін біз министрліктің алдындағы міндеттерді іске асыру мәселелерін талқыладық. Барлық айтылған ұсыныстар мұқият сараланып, салалық тұжырымдамаларға және министрліктің даму жоспарына енгізілуі тиіс», - деді вице-премьер Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Осы орайда, Үкімет басшысының орынбасары еліміздің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке ведомствоның даму жоспарын әзірлеуді жылдамдатуды тапсырды. Сонымен қатар, Үкімет тарапынан да көмек болатындығын ескертіп өтті.

«Қазір сіздің даму жоспарыңыз Ұлттық экомомика министрлігінде жатыр. Ұлттық экономика министрлігіне тиісті тапсырма берілді. Бұл құжаттар қаңтар айының соңына дейін қабылдануы қажет», - деді Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар