Ғылым таппай мақтанба: ҚазАқпаратта жарияланған ғалымдармен қызықты сұхбаттар топтамасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бүгін ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Айтулы күнге орай ҚазАқпарат агенттігі оқырманға ғылым саласына байланысты жарияланған мақалалар мен сұхбаттардың топтамасын ұсынады.

Осы жылдың басында агенттік филология ғылымдарының кандидаты, тілтанушы Анар Фазылжанмен сұхбаттасқан едік. Қоғамдық сананы жаңғыртудың темірқазығы ретінде айқындалған латын қарпіндегі қазақ әліпбиі қабылданар кезеңіне жақындап келе жатыр. Әйтсе де, Президенттің кейінгі ескертпесінен соң бұл тақырып қоғамның қайтадан қызу талқысына айналғанын аңғаруға болады. Тілтанушымен әліпби жайлы әңгіме өрбіте отырып, қазақ тілінің мәртебесіне қатысты толғандырған сұрақтарға жауап тапқандай болдық.


Сайтымызда медицинаның сан қырына байланысты сұхбаттар жиі жарияланып тұрады. Адамның денсаулығы, ұрпақтың амандығына қатысты мақалалардың көп қаралым жинайтынын да атап өту керек. «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, «Ecomed» емханалар желісінің репродуктолог-дәрігері Алмаз Ибрагимовпен сұхбатымыз осы сөзіміздің дәлелі. Маманмен ЭКО арқылы дүниеге келген сәбилер жайлы әңгіме өрбіткен болатынбыз. Дәрігердің айтуынша елімізде алғаш рет 1996 жылы ЭКО арқылы сәби өмірге келсе, қазіргі уақытта осы әдіспен жарық дүние есігін ашқандар саны 17 мыңнан асады. ЭКО көмегіне жүгінетіндердің 95%-ға жуығы – перзентті болғысы келетін ерлі-зайыптылар болса, 3-5%-ы өзі үшін бала тауып алуды қалайтын жалғызбасты әйелдер. Қазақстанда бұл қызмет түріне жүгінудің құны қандай? Жалғызбасты әйелдерге донор болатын адамның бір порция аталық ұрығы қаншаға бағаланады? Елімізде әрбір алтыншы отбасы бедеулікпен күресуде. Мұның себебі неде? Маманмен осы сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіткен болатынбыз.


Сайтымыздан сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық сараптама орталығының бас директоры Арнұр Нұртаевтың сұхбатын оқи аласыз. Маман коронавирусты анықтайтын тест жүйесін әзірлеген қазақстандық ғалымдар туралы айтады. Ғалымдардың бұл жетістігіне Мемлекет басшысымен бірге дүйім жұрт қуанып отыр. Арнұр Нұртаевтың айтуына қарағанда қазақстандық мамандардың ай сайын коронавирусты анықтайтын 50 мың тест жасауға мүмкіндігі бар.

Жалпы еліміздегі кейінгі кездегі жағдай халқымыздың медицина саласындағы ақпаратқа деген сұранысын тудырып отыр. Осы сұранысты ескере келе жақында биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарьямен де сұхбаттасқан едік. Вакцина әзірлеу мен биологиялық қауіпсіздік саласындағы маманмен Вакцинаны әзірлеу қазір қандай кезеңде тұрғанын, әзірлеуге қанша адам, қандай режимде тартылып отырғанын, дәл қазір қандай нәтижелер барын сұрап білдік.


Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мен тілтану институтының ғылыми қызметкері Александр Николаевич Гаркавецдің сұхбатына назар аударуға болады. Түрколог ғалыммен болған сұхбаттан Codex Cumanicus жазбасының қалай реставрацияланғанын, ежелгі қыпшақ әнұраны қалай нотаға түсірілгенін оқып біле аласыз.

Карантин кезінде әсіресе әйелдердің керегіне этнограф Әйгерім Мұсағажинованың сұхбаты жарауы әбден мүмкін. Этнограф қазақтың ұлттық тағамының саны 200-ге жететінін зерттей келе 50 түрін іріктеп, «Қазақы ас: дәстүр мен дәм» кітабына енгізген екен.


Соңғы жаңалықтар