Ғылым саласына басымдық беру Қазақстанның әлемнің озық 30 елінің қатарына енуіне мүмкіндік туғызады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ғылымды дамытуға бөлінетін қаржы көлемін молайту Қазақстанда сапалы мамандарды қалыптастыру арқылы адам ресурстарын молайтудың тетігі болып табылады. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шәкіров айтты.

«Елбасының Жолдауында айтылған Қазақстанның 30 ел қатарына ену туралы тұжырымдамасында айтылған міндеттерді орындау мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы өте үлкен жұмыстар атқарып отыр. Әсіресе, біздің университет ғылым саласын дамытуға басымдық беруде. Оқу орнында ғылым саласына бөлінетін қаржы 3,8 есе артып, 4,5 млрд теңгені құрады. Бұл қаржы оқу ордасы жанындағы қызмет етіп отырған бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтарының, ғылыми-техникалық парктердің, 15 әр салалы факультеттердің, ұлттық нанотехнологиялық лабораторияның ғылыми бағыттағы ізденістерін жандандыруға жұмсалады», - деді ол.

Оның айтуынша, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 2007-2011 жылдар аралығында 335 халықаралық ғылыми бағдарламаларды және ISTC, INTAS, TEMPUS, IAEA, NATO қорларының жобаларын жүзеге асыруға белсенді атсалысқан.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің сапалы маман дайындаудағы маңызын айта отырып, еліміздегі жоғары оқу орындарына қойылатын талаптардың қатая түскенін ескертіп өтті. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Елбасының Жолдауында айтылған сапалы еңбек ресурстарын молайтып, экономика мен ғылым арасындағы байланысты тереңдетуде ауқымды жұмыс атқаратын болады», - деп қорытындылады әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шәкіров.

Соңғы жаңалықтар