Ғылым министрлігі 1 млн оқушыны кәсіби диагностикадан өткізбекші

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғылым және жоғары білім министрлігі 1 млн оқушыны кәсіби диагностикадан өткізбекші. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жобаны қолдап отыр. Жалпы бүгінде бүкіл мектептерде кәсіби бағдарлаушы бір маман осы мәселемен тікелей айналысады. Яғни, жас буынның келешек мамандығын дұрыс таңдауына ықпал ету өте маңызды. Сондықтан біздің министрлік тарапынан «Мамандығым – болашағым» жобасы іске асырылады. Осы жобаның шеңберінде де 1 миллионға жуық мектеп оқушысын кәсіби диагностикадан – тестілеуден өткізу жоспарланып отыр. Себебі кез келген ата-ананың көкейінде жүрген сұрақтардың бірі – «Менің баламның қабілеті қандай?». Бұл жерде әр баланың ерекше қабілетін ескеріледі. Сондықтан ғылыми тұрғыдан жасалған жүйе бойынша диагностикалық тестілеу жоспарланып отыр», - деді ол «Болашақ» қауымдастығының «Болашаққа сеніммен» атты жобасына арналға брифингіде.

«Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Мұхтар Манкеевтің айтуынша, кәсіби бағдарлау жұмысы АҚШ, Германия, Швеция, Жапония сияқты елдерде өткен ғасырдың ортасынан бері жолға қойылған. Қауымдастық өкілі солардың ішінде Жапонияның тәджірибесі Қазақстанға жақын деген пайымын айтты.

«Қазақстанға келетін болсақ, біздің ойымызша, Жапонияның тәжірибесі бізге жақын. Олар кәсіптік бағдар беру тұжырымдамасын жапон мектебінің жүйесін түегейлі реформалау аясында енгізген болатын. Олар 7-9 сынып оқушыларының арасында жыл сайын 16 түрлі мамандық бойынша жұмыс істейді. Сонда олар мектеп бітіргенге дейін 48 мамандық бойынша бақтарын сынап көреді деген сөз. Осылайша олар әр бағыт бойынша емтихан тапсырып, қай салаға бейімі бар, қай бағыттағы білімі сапалы екенін біледі. Сондықтан да бүгін бізден Қазастан бойынша осындай үлкен жоба қауымдастықтың атынан бастап жатырмыз. Қазір екі министрлікпен тығыз жұмыс істеп отырмыз», - деді Мұхтар Манкеев.


Соңғы жаңалықтар