Ғылым мен техника саласында мемлекеттік сыйлықты иеленуге 19 жұмыс ұсынылып отыр

None
None
АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті.

Отырыста ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты иелену үшін тапсырылған жұмыстар бойынша секция ұсынымдары мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалар қорытындысы қаралды. Секция ұсынымдары мен ғылыми-техникалық сараптама қорытындысы бойынша Білім және ғылым вице-министрі, комиссия хатшысы М. Орынханов таныстырды.

Бұдан бөлек, секция төрағалары бірқатар ұсынымдармен таныстырып өтті. Атап айтқанда, медициналық, биологиялық және ауыл шаруашылығы ғылымдары, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар, техникалық және географиялық ғылымдар, физика-математикалық ғылымдар жөнінде ұсыныстар талқыланды.

Жалпы алғанда, 2013 жылғы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алу үшін барлығы 19 жұмыс түскен. Комиссия ағымдағы жылғы мемлекеттік сыйлықты алуға тапсырылған жұмыстардың ішінен алдын ала іріктеуден өткендерінің тізімін бекіту туралы шешім қабылдады. Бұл жұмыстардың тізімі кеңінен қоғамдық талқылауға шығару үшін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріне жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар